БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыЖетісай  ауданының «Мың бала»  бөбекжай  балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен — жайы)ҚР, 160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Омаршаев көшесі № 82 үй.
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт)Ұялы телефон 87078364859
электронды поштасы: minbala_balabaksha@mail.ru Веб сайты : https://myn-bala-edu.kz/
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Арапова Назира Қанатбекқызы  «Мың бала» бөбекжай  балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысының шешімі бойынша 2014 жылғы 06 қаңтардағы №1-ж/қ бұйрықпен тағайындалған.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 20.09.2023 жылы берілген.
БИН: 120840005340
Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы талон қайта  2022 жылғы 11 желтоқсандағы                  
№ KZ17RVK00042861 хабарлама берілген.  
7Құрылған жылы2014 жыл
8Типтік ғимаратБір қабатты 2 корпусты және 2 қабатты 1 корпусты тұрғын үйде ыңғайластырылған.
9Топтар саны3 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:  ІІ ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетінің ұзақтығы – минутпенКіші  топ- күні бойы Ортаңғы  топ – күні  бойы Ересек топ –  күні бойы
14МДҰ – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 75 балаға арналған. 08.01.2024 жылы  75 балаға  №17-4-7-3-454 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша  ғимараты   бір қабатты  2 корпусты және  2қабатты 1корпусты тұрғын үйде ыңғайластырылған. Балабақша  75 орындық, 3 топ жұмыс жасайды. Әр топ 20- 25 балаға лайықталған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 17.00 сағатқа дейін. 3 топ жұмыс жасайды. Кіші  топ: «Балапан», Ортаңғы топ: «Қарлығаш»,  Ересек топ: «Ақкөгершін».   Тәрбиеленушілер мемлекеттік қазақ тілінде тәрбиеленуде.

Әрбір топтың  өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа меңгеруші кабинеті, әдіскер кабинеті, психолог кабинеті, мед кабинет, асхана, қойма, кір жуу блогы бар.Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері  автономды.Су орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл  түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. 

Балабақшада медициналық  кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық  кабинетте емшара  бөлмесі,  оқшаулау  бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман  жабдықтармен  жабдықталған.   

Балабақша ауласы көгалдандырылған, шырша ағаштары,  т.б. жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын  алаңында әр топтың ауласы бөлек ,  балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен бірге әр аулаға бала отырып демалатын  саялы көлеңкелі ойын алаңдары қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын,ойын құралдарымен жабдықталған   алаңы бар.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

— Меңгеруші кабинеті;

— Әдістемелік кабинет;

— Теледидар –  3 дана;

— Ноутбук — 4 дана;

-Түсті принтер-1 дана.

— Принтер – 1 дана

Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш»,  «Ойыншықтар сөресі», «Кітаптар сөресі», «Табиғат бұрышы»,  дамытушы   дағдылар  бойынша  орталықтар жасақталған.